Дзюдо

Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды

Елдос Сметов Джакартада ауруханаға түсіп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан командасының көшбасшысы Елдос Сметов Джакартада ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескрету санымен ұтылған болатын.

Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті.

«Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар», - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

Айта кетелік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер