Дзюдо

Азиада-2018. Сметов пен Отцгонцэцэг жеңіспен бастады

Азиада-2018. Сметов пен Отцгонцэцэг жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Джакартадағы Азия ойындарында татами шеберлерінің додасы басталды деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіде ел намысын қорғайтын Елдос Сметов алғашқы айналымда Индонезия балуанын жеңді. Ширек финалда Сметов Солтүстік Корея өкілі Ан Джи Юнгпен белдеседі.

48 келідегі Галбадрах Отцгонцэцэг ширек финалда Солтүстік Корея спортшысын "ваззари" әдісімен жеңді. Жартылай финалда біздің дзюдошы жапониялық балуанға қарсы шығады.

66 келідегі Елдос Жұмақанов да турнирді сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда филиппиндік спортшыны жеңді. Ширек финалда Жұмақановты моңғолиялық спортшы күтуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер