Футзал

Алматыдағы футзалдан ӘЧ-нің ұйымдастырылуына ХСФ жоғары баға берді

news-banner7
mobile-news-top

Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бір аптаға созылған айтулы жарыста 16 елдің командасы сынға түсті. Қайрат Құлбарақов жаттықтырған Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді.

Әлем чемпионатының ұйымдастырылуына Халықаралық студенттер федерациясының басшылары дән риза. Өйткені бұған дейін ешбір елде студенттер жарысы дәл осындай жоғары деңгейде өткен емес. Ойынның салтанатты жабылуы да көпшілік көңілінен шықты. Әдемі көріністер мен әсем әндер «Алматы-Аренаға» жиналған жұртшылыққа керемет әсер сыйлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер