Футзал

Алматыдағы футзалдан ӘЧ-нің ұйымдастырылуына ХСФ жоғары баға берді

Алматыдағы футзалдан ӘЧ-нің ұйымдастырылуына ХСФ жоғары баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігі аяқталды.

Бір аптаға созылған айтулы жарыста 16 елдің командасы сынға түсті. Қайрат Құлбарақов жаттықтырған Қазақстан құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. Қазақ елінде футзал деңгейінің биіктей түскенін студенттеріміз дәлелдеді. Бұған дейін ұлттық құрамамыз байрақты бәсекелерде әлем мықтыларына сес көрсетсе, студенттер дүниежүзілік жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды. Бұл – бұрын-соңды ел тарихында болмаған нәтиже. Чехия мен Аргентина және Португалия секілді азулы командалардың алдын ораған Қайрат Құлбарақов командасына қандай мақтау айтсақ та жарасады.

Біржан Оразов, Қазақстан құрамасының капитаны:

- Ашылуын өздеріңіз көрдіңіздер, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақтар футзал ойнай алады дегенді біз бүкіл әлемге дәлелдедік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер