Бокс

Канело: Головкинмен бірге суретке түспеймін

Канело: Головкинмен бірге суретке түспеймін
news-banner7
mobile-news-top

15 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек өтеді.

Мексикалық боксшы рематч алдында Головкинмен бірге іс-шараларға қатысқысы келмейтінін айтты.

«Бұл жарнамаларға түкіргенім бар, оның (Головкиннің – ред.) көзіне қарап, бірге фотоға түспеймін. Головкиннің түріне рингте бір қараймын, кездесуге дейін олай жасамағаным үшін алаңдамаймын. Геннадий кез келген нәрсеге қатыса алады, бұл оның және командасының шешімі. Ал мен өз таңдауымды жасадым», - деді Альварес.

Айта кетейік, Канело жылдың басында допингпен ұсталғаннан кейін боксшылар арасы тым суып кетті. Головкин де, Альварес те бір-бірін сынап тастаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер