Андрей Аршавин «Қайрат» сапынағы 100-ші матчын өткізді

news-banner7
mobile-news-top

«Қайраттың» 37 жастағы жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин алматылық клуб сапындағы 100-ші матчын «Атырауға» (4-2) қарсы кездесуде өткізді.

Аршавин «Қайрат» сапында Еуропа лигасында 13, Премьер-лигада 76, Қазақстан Кубогында 9, Суперкубокта 2 матчта алаңға шықты. Осы 100 ойында ресейлік легионер 29 гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Аршавин «Қайратқа» 2016 жылдың наурыз айында келген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер