Қазақ күресі

Айбек Нұғымаров - Азия құрлығында теңдессіз

Айбек Нұғымаров - Азия құрлығында теңдессіз
news-banner7
mobile-news-top

Азия чемпионатында бақ сынап жатқан Айбек Нұғымаров Қазақстан қоржынына бесінші алтынды салды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Моңғолия, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Жапония балуандары бақ сынап жатқан байрақты бәсекеде қазақ балуаны Айбек Нұғымаров чемпион атанды.

Финалдық белдесуде Серік Бердімұратты (Моңғолия) жеңіп, қазақ күресінен Азия құрлығының абсолютті жеңімпазы атанды. Үздік үштікті Дадохан Құрбанәлиев (Тәжікстан) түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер