Қазақ күресі

Елордада қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

25 тамыз күні Астанада «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді. Жарысқа 11 мемлекеттен 80-ге жуық спортшы қатыспақ. Балуандар 9 салмақ және абсолюттік дәреже бойынша сынға түседі.

Азия чемпионатына тұңғыш рет Қазақ күресінен Шри-Ланка, Жапония және Иран секілді елдердің балуандары қатысқалы отыр. Бүгінде бұл спорт түрінің танымалдығы артып келеді. Осы жылдың шілде айында қазақ күресінен Батумиде Еуропа чемпионаты өткен болатын. Қазақ күресі халықаралық қауымдастығының президенті Қанат Бозымбаевтың айтуынша, спорттық дода жоғары деңгейде ұйымдастырылмақ.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер