Бокс

Джейкобс: Головкин тура Мэйвезер секілді

Джейкобс: Головкин тура Мэйвезер секілді
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 КО) жақында болған Халықаралық бокс федерациясының (IBF) Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы белбеуінен айыру жөніндегі шешімін түсіндірді.

Бұған Головкиннің белбеуін қорғау үшін Сергеей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) міндетті жекпе-жектен бас тартқаны себеп. Нәтижесінде Джейкобс 27 қазанда Нью-Йоркте осы белбеу үшін украиндықпен кездесетін болды.

«Мен Головкин Деревянченкодан сескенді деп есептемеймін. Бұл жай ғана бизнес. Головкин мұны түсінеді және қаржылық жағынан тиімді әрі мансабына әсер ететін жекпе-жектің болуын қалайды. Әзірге ешкімге белгісіз жігітпен айқас оған қомақты ақша әкелмейді. Яғни, бұл жерде барлығы бизнеске тіреліп тұр», - деді Джейкобс.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер