Қазақ күресі

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандардың есімдері белгілі болды

Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандардың есімдері белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

26 тамызда Астанада қазақ күресінен өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Prosports.kz

Аталған додада ел намысын 9 балуан қорғайды. Олардың арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы, «Қазақстан барысының» жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бар. Ол абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медальға таласады.

Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын балуандардың толық тізімі:

55 келі - Ербол Алдухан

60 келі - Оспан Дәулетбай

66 келі - Нұрболат Ізімғалиев

74 келі - Наурызбек Майлашев

82 келі - Ерсін Сейтқазинов

93 келі - Әділжан Ыстыбаев

100 келі . Бауыржан Қабай

+100 келі - Айбат Сейтен

Абсолюттік салмақ (145) - Айбек Нұғымаров

Айта кетейік, Азия біріншілігіне 11 мемлекеттен 80 спортшы қатыспақ. Балуандар 8 салмақ және абсолюттік дәреже бойынша сынға түседі.

Әр салмақтағы жарыс жеңімпазына 1000 доллардан табысталады, ал күміс жүлдегерге 500, қола медаль жеңімпазына 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3000 доллар, күміске 1500 доллар, қола жүлде иесіне 1000 доллар табысталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер