Ауыр атлетика

Допинг дауы. Седов сегіз жылға спорттан шеттетілді

Допинг дауы. Седов сегіз жылға спорттан шеттетілді
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Владимир Седов допинг қолданғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттелді.

Седовтың 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті. Дәлірек айтқанда, оның қанынан станозолол анаболикалық стероид табылды. Сондықтан, антидопингілік ережені бұзғаны үшін зілтемірші 8 жылға спорттан шеттетілді. Сондықтан, оның Бейжің Олимпиадасында 85 келіге дейінгі салмақта көрсеткен нәтижесі (4-ші орын) есептелмейді.

Естеріңізге салсақ, Седов 2006 жылы допинг қолданғаны үшін екі жылға жазаланған болатын. Бұл жолы допингпн екінші рет ұсталған соң, оның жазасы төрт есе көбейіп кетті. Оның жаңа жазасы 2016 жылдың 1 тамызынан бастап есептеледі.

Айта кетейік, Владимир Седовтың еншісінде әлем чемпионатының үш медалі (ӘЧ-2009 алтын, ӘЧ-2013 қола, ӘЧ-2014 күміс) де бар. Сондай-ақ, ол Азияның екі дүркін чемпионы саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер