Қазақ күресі

Қазақ күресінен өтетін Азия чемпионатының жүлде қоры қанша

Қазақ күресінен өтетін Азия чемпионатының жүлде қоры қанша
news-banner7
mobile-news-top

Астанада қазақ күресінен өтетін Азия чемпионатының жүлде қоры белгілі болды, деп хабарлайды Proports.kz ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

26 тамызда Астанада өтетін Қазақ күресінен чемпионатқа 11 мемлекеттен 80 спортшы қатыспақ. Балуандар 8 салмақ және абсолюттік дәреже бойынша сынға түседі.

«Жалпы чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ долларына бағалануда. Әр салмақ дәрежесі бойынша жарыс жеңімпаздарына 1000 доллардан табысталады, ал күміс жүлдегерге 500, «қолаға» 300 доллардан беріледі. Абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша алтын медаль иегеріне 3000 доллар, «күміске» 1500 доллар, қола жүлде иесіне 1000 доллар табысталады», - деді Тілеулесов.

Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Шри-Ланка, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Иран, Пәкістан, Қырғызстан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр.

«Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істейді. Олардың арасында қазақстандық қана емес, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Литва, Украина төрешілері болады. Соның ішінде үш арбитр Астана, Алматы және Семей қалаларынан шақырылып отыр», - деді А.Тілеулесов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақ күресі (Qazaq kuresi) ұлттық спорт түрі ғана емес, ол ЮНЕСКО-ның материалды емес мұралар тізіміне кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер