Басқа

Қазақстандық жүзгіштер Азиаданы сәтті аяқтады

Қазақстандық жүзгіштер Азиаданы сәтті аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін қазақстандық спортшылар жүзу спорты бойынша эстафеталық сында бақ сынап, қола медаль жеңіп алды. Бұл команда үшін үлкен жетістік болатын. Өйткені, 2010 жылғы Азия ойындарынан бері біздің спортшылар бұл нәтижені қайталай алмаған.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшылар бүгінгі жеңістің орны бөлек екенін айтады.

«Ең алдымен бізге демеу болған барша жанкүйерге алғыс айтамын. Эстафеталық сыннан кейін Азия ойындары біз үшін аяқталды. Көңіл-күйім мен қазіргі сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Өйткені, мұндай көңіл толқитын сәт менде бұрын-соңды болмаған. Жекелей сынға түсу бір бөлек те, командаластарыңмен жүлдеге таласу мүлде бөлек. Командалас жігіттерге, бапкерлер қауымы мен басшылыққа алғысым шексіз. Азия ойындарында ел намысын қорғап жатқан спортшыларымызға тек сәттілік тілеймін», - дейді Әділбек Мусин.

Әділ Қасқабай болса, Дмитрий Баландиннің команданы қалай жігерлендіргенін айтып берді.

«Таңертеңгі іріктеу кезеңі моральдық тұрғыдан айтарлықтай қиын болған жоқ. Ал финал басталар аздап қорқыныш билей бастады.Бәріміз жұдырықтай жұмылып, сақадай сай болдық. Дима біздің қайталанбас команда екенімізді айтты. Осы сөз ерекше рух берді. Мұндай сәтті енді қашан бастан кешіретінімізді білмеймін», - дейді Әділ.

Александр Варакин жігіттердің мүлде аянып қалмағанын, бар күшін сарқып бергенін айтты.

«Барлық жігіттер өз міндетін 150 пайызға атқарып шықты десем, артық емес. Бәрімізде де медаль тақсақ деген үміт тұрды. Дима Баландиннің арманын орындағымыз келді. Себебі, ол осы эстафетада жүлде алуды баяғыдан армандайтын. Біз керемет нәтиже көрсеттік. Барша Қазақстан халқына рахмет», - дейді Варакин.

Ал команда капитаны Баландин өз командасымен мақтанатынын жеткізді.

«Бізге жанкүйер болған жандарға рахмет! Менің команда рахмет! Менің арманымды орындауға көмектескен жігіттерге рахмет! Өз командам үшін мақтанамын!», - дейді Баландин.

ФОТО: Сали Сабиров. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер