Қысқы

Денис Тен туралы кітапты 1 миллион адам жүктеп алды

Денис Тен туралы кітапты 1 миллион адам жүктеп алды
news-banner7
mobile-news-top

«Біздің Денис» кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын.

Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде электронды кітапты 1 миллион адам жүктеп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кітапты жүктеп алушылардың ішінде Қазақстан (30 пайыз), Ресей (15 пайыз), Қырғызстан ( 8 пайыз), Оңтүстік Корея (13 пайыз), Өзбекстан (6 пайыз), Франция (8 пайыз), Америка (10 пайыз), Түркия ( 3 пайыз), Италия ( 4 пайыз), Канада (3 пайыз) және тағы басқа елдердің азаматтары бар.

Айта кетейік, кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әртүрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер