Футзал

Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалға шықты

Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласында өтіп жатқан студенттер арасында футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстандық футзалшылар ширек финалда Аргентина құрамасын 6:2 есебімен ұтты.

Еліміз студенттер құрамасы сапынан Владислав Черномордов, Ұлан Жақсылықов, Біржан Оразов, Ерсұлтан Сағындықов, Арнольд Кнауб және Асылжан Алин қатарлы ойыншылар гол соғып, көзге түсті.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Португалия футзалшыларымен кездеседі.

Жартылай финалдық кездесу 24 тамыз күні өтеді.

Студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты. 1/4 финал.

Қазақстан – Аргентина – 6:2

Гол соққандар: Черномордов, Жақсылықов, Оразов, Сағындықов, Кнауб, Алин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер