Футзал

«Қайрат» командасы Тюменьдегі турнирді жеңіспен бастады

«Қайрат» командасы Тюменьдегі турнирді жеңіспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Ел чемпионы «Қайрат» футзал клубы тамыз айының 23-і мен 26-ы аралығында өтетін Тюмень облысының жүлдесіне арналған халықаралық турнирге қатысып жатыр, деп жазады prosports.kz сайты.

Кака шәкірттері турнирдегі алғашқы матчында «Тюменнің» жастар командасын 7:1 есебімен ойсырата ұтты.

«Қайрат» аталған турнирдің А тобында бақ сынайды. Қарсыластары КПРФ клубымен жергілікті команданың жастары. Басында алматылықтардың екінші қарсыласы Ресейдің күміс жүлдегері «Сибиряк» болуы керек еді. Алайда ресейлік команда қаржылық қиындықтарға байланысты турнирден бас тартқан. Айта кетерлігі, «Сибиряк» бұл турнирге ғана емес Ресей чемпионаты мен Чемпиондар лигасына да қатыса алмайды.

Алматылықтар келесі ойынды 25 тамыз өткізеді. Қарсыласы КПРФ командасы.

Тюмень облысындағы халықаралық турнир. А тобы. 1-ші тур

«Қайрат» 7:1 «Тюмень-Д»

Гол соққандар: Леннон 4, 49, Довгань 9, Тайан 9, 40, Нұрғожин 30, Фаверо 41 – Конов 23

23 тамыз, Тюмень, СК «Центральный»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер