Велоспорт

Азиада-2018. Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті

Азиада-2018. Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Азия ойындарында велоспорттан топтық жарыс аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко чемпион атанды. Бұл туралы Olympic.kz жазды.

150 шақырымға созылған жарыс аса тартысты өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста медальға үміткер бес спортшы барын салды.

Алексей Луценко екі жапондық және екі таиландтық велоспортшының көрсеткен қысымына қарамастан, мәре сызығын бірінші болып кесті. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3:25:25.

Күміс жүлде Жапония, қола жүлде Таиланд спортшысының еншісінде.

Велоспортшы Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы екінші алтын медальді салып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер