Грек-рим күресі

Нұрмахан Тінәлиев - Азия ойындарының күміс жүлдегері

Нұрмахан Тінәлиев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
news-banner7
mobile-news-top

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының төртінші жарыс күнінде балуандар бәсекесі мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.

Бүгін ақтық сынға жолдама алған жалғыз балуанымыз Нұрмахан Тінәлиевке алтын медаль бұйырмады. Бұған дейін де талай дүбірлі доданы көрген тәжірибелі балуаннан жанкүйерлер тек жеңіс күткен. Алайда 130 келі салмақта белдесетін Тінәлиев финалда өзбекстандық Момынжан Абдуалиевке есе жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін грек-рим күресінен бақ сынаған тағы екі балуанымыз Азамат Құстыбаев (87 келі) пен Ерұлан Ысқақов (97 келі) қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер