Грек-рим күресі

Азиада - 2018: Ел қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Азия ойындарында күрес түрлерінен бәсеке аяқталады. Грек-рим күресінен 97 келіде ел намысын қорғаған Ерұлан Ысқақов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Ерұлан турнирді 1/8 финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілінен 1:6 есебімен ұтылған еді.

Қола медаль үшін күресте ол ирандық Әли Акбар Хейдаримен белдесіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл грек-рим күресінен Қазақстан еншісіндегі үшінші қола медаль.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер