Күрес

Азиада-2018: Азамат Құстыбаев Джакарта кілемінен қола жүлде еншіледі

Азиада-2018: Азамат Құстыбаев Джакарта кілемінен қола жүлде еншіледі
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Азамат Құстыбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Қола жүлде үшін тартыста Азамат үндістандық балуанды 6:3 есебімен жеңді.

Азамат Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде тәжірибелі өзбек балуаны Рустам Ассакаловқа есе жіберген еді.

Жұбаныш белдесуінде жерлесіміз қырғызстандық Самат Ширдаковты жеңді.

Еске сала кетейік, грек-рим күресінің өкілдері кеше бір күміс, бір қола медаль иеленген болатын.

ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер