ММА

Реферидің әрекетсіздігінен MMA файтері өлім құша жаздады (видео)

Реферидің әрекетсіздігінен MMA файтері өлім құша жаздады (видео)
news-banner7
mobile-news-top

Demolidor турнирі аясында өткен Мелкизель Коста мен Рафаэль Барбоса арасындағы жекпе-жегі өліммен аяқтала жаздады, деп хабарлайды Proports.kz тілшісі Postimees порталына сілтеме жасап.

Тұншықтыру әдісіне түсіп қалған Коста бір минуттай қозғалыссыз жатқанымен жекпе-жек тоқтатылмады. Тіпті, қарсыласы қимылсыз қалғанын сезген Барбоса төрешіге белгі берсе де, жекпе-жек тоқтатылмаған.

«Есімді ауруханада жинадым. Видеода көзімді ашып жатқан сияқтымын, алайда, мен есімнен танып қалғанмын. Бірнеше рет қозғалғандай көрінемін, алайда, ол тек діріл ғана. Кез келген төреші файтерді сілкілеп көреді, ал ол маған тіпті жақындамады да. Қарсыласым тұншықтыруын тоқтатпағанда өліп кетуім мүмкін еді.

Әйелім әлі күнге дейін есін жия алмай жүр. Ол турнирді достарыммен отырып көрген. Кейін осындай жағдай орын алғаннан соң қорыққанынан стримді өшіріп тастаған.Мен өліммен бетпе-бет келдім», - дейді Коста.

Төреші спортшыдан кешірім сұрап, енді төрешілік қызметінен бас тартатынын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер