Командалық

Азиада-2018: Қазақстандық гимнастар финалда 6-шы орын иеленді

Азиада-2018: Қазақстандық гимнастар финалда 6-шы орын иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы командалық сын мәресіне жетті. Қазақстандық гимнастар финалда 6-шы орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Алты бағдарлама бойынша өнер көрсеткен қазақстандықтар жалпы есебі 234.300 ұпай жинады.

Командалық есепте Қытай гимнастары алтын медаль еншіледі. Олардың ұпай саны - 260.950. Күміс жүлдені 248.550 ұпай жинаған Жапония құрамасы иеленді. Үздіктер үштігін 247.400 ұпаймен Оңтүстік Корея қорытындылап тұр.

Қазақстан командасы сапында Милад Карими, Ербол Жантықов, Нариман Курбанов, Ілияс Азизов және Аким Мусаевтар сынға түсті.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер