Грек-рим күресі

Азиада-2018: Нұрмахан Тінәлиев Азия ойындарының финалында белдеседі

Азиада-2018: Нұрмахан Тінәлиев Азия ойындарының финалында белдеседі
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Азия ойындарындағы балуандар бәсекесі мәресіне жетеді. Prosports.kz тілшісі Olympic.kz порталына сілтеме бере отырып, грек-рим күресі шеберлерінің нәтижесін назарларыңызға ұсынады.

130 келі. Аса ауыр салмақтағы Нұрмахан Тінәлиев финалда белдеседі! Нұрмаханның ақтық сындағы қарсыласы - өзбекстандық Момынжан Абдуалиев.

Тінәлиев ширек финалда Индонезия, жартылай финалда Жапония спортшысынан 6:0 есебімен басым түскен болатын.

87 келі. Ерұлан Ысқақов Оңтүстік Корея өкіліне есе жіберді.

77 келі: 1/8 финалда филиппиндік балуанды 8:0 есебімен жеңген Асхат Ділмұхамедов екінші айналымда ұтылып қалды.

Ширек финалда біздің балуанымыз жапондық Ябику Шохеймен белдескен болатын. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. Бірақ қосымша көрсеткіштерге байланысты жеңіс жапон балуанына берілді.

87 келі: Азамат Құстыбаев танымал өзбекстандық балуан Рустам Ассакаловка есе жіберді. Есеп - 1:2.

ФОТО: Данияр Майлыбаев, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер