Басқа

Жансая Әбдімәлік алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысады

Жансая Әбдімәлік алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік енді ересектер арасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Proports.kz 24.kz порталына сілтеме жасап.

18 жастағы алматылық ару қазір әлем чемпионаты алындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ерекшелігі сол, ол жаттығу жұмыстарын ерлер құрамасымен бірге өткізеді екен.

Жансая дайындық барысы мен алдағы жоспарлары жайыда «Sports Nation» бағдарламасындағы әріптестерімізбен бөлісті. Әңгіме барысында шахматтан бөлек колледждегі оқуы мен балық аулауға деген ерекше қызығушылығы туралы да айтты. Сұхбаттың толық нұсқасын «Kazakh TV» арнасынан ертең 9:20, 15:20 және 21:25-те көре аласыздар.

Жансая Әбдімәлік, шахматшы:

- Биыл алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысамын. Байрақты бәсеке қараша айында өтеді. Сондықтан қазірден бастап қызу дайындыққа кірістім. Мен ересектер арасында әлем чемпионы атануды бала кезден армандаған едім. Енді, міне, сол арманға апарар алғашқы мүмкіндігімді сынап көремін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер