Бокс

Головкин - Альварес андеркартында төрт жұп жекпе-жекке шығады

news-banner7
mobile-news-top

15 қыркүйекте Лас-Вегасте өтетін Геннадий Головкин- Сауль «Канело» Альварес арасындағы бокс кеші андеркартының жаңа қатысушылары белгілі болды. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Сонымен, Роман Гонсалес - Мойзес Фуэнтес жекпе-жегінен бөлек боксшылардың тағы да үш тобы жасақталды.

Атап айтқанда, ирландиялық Гэри О'Салливан канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады, ал WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия Канаданың тағы бір өкілі Брэндон Кукпен кездесетін болды.

Жартылай орта салмақтағы абсолюттік чемпион норвегиялық Сесилия Брекхус польшалық Александр Магдзяк Лопеспен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Давид Лемье Геннадий Головкиннен уақытынан бұрын жеңілген еді, ал Брэндон Кун өткен жылы Астанада отандасымыз Қанат Исламнан техникалық нокаутпен ұтылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер