Күрес

Гузель Манюрова Азиадада балуан қыздарға сәттілік тіледі

Гузель Манюрова Азиадада балуан қыздарға сәттілік тіледі
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Олимпиада жүлдегері, Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Гүзель Манюрова Азия ойындары туралы өз ойымен бөлісіп, спортшыларға сәттілік тіледі деп хабарлайды Olympic.kz.

«Кеше еркін күрес шеберлерінің бәсекесін тамашаладым. Өздеріңіз көргендей, бәрін кілем шешеді. Күтпеген нәтижелер де тіркеліп жатыр. Алайда, қыздарға жеребе жолдас болмады. Қарсыластары қарымды. Дегенмен, Қазақстан ҰОК қолдауымен қыздар командасы Азиадаға өте жоғары деңгейде дайындалды. Еуропалық құрамалармен бірлескен жаттығу жиындарын өткізіп, жоспарланған үш жаттығу кезеңін ойдағыдай атқаржық. Команда құрамында әлем чемпионатының жүлдегері Жұлдыз Ешімова мен Олимпиаданың қола жүлдегері Эльмира Сыздықова сынды тәжірибелі спортшылар бар. Қалғандары үшін Азия ойындары өздері қатысып отырған алғашқы ірі бәсеке. Жеңіске жету үшін дайындықтан бөлек, сәттілік пен жанкүйерлер қолдауы қажет», - деді Манюрова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер