Футзал

Almaty Arena спорт кешенінде студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты басталды

news-banner7
mobile-news-top

Almaty Arena спорт кешенінде студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Бұл әлемдік доданың ашылу салтанатында Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек, ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ФИСУ вице-президенті Мариан Дымальский құттықтау сөз сөйлеп, барлығына осындай қолдау көрсеткені үшін өз алғыстарын білдірді.

Чемпионаттың ашылу салтанатында бишілер мен фристайлистер өз өнерлерін көрсетіп, еліміздің эстарада жұлдыздары Камшат Жолдыбаева, Мәдина Садуақасова, Алашұлы тобы өз әндерін орындады. Салтанатты шараға жалпы саны 14 мыңнан адам қатысты. Олардың алдында танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің орындауындағы әнге өмірінен үзінді ұсынылып, артынша бишілер Денис Теннің мұздағы биін орындады.

Бұл салтанатты ашылу спортшылардың шеру рәсімімен жалғасты. Сондай-ақ, шара барысында еліміздің және ФИСУ-дың тулары көтеріліп, Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Біржан Оразов ант қабылдады.

Салтанатты бағдарламадан соң ерлер ұлттық құрамасының ойындары басталды. Қазақстан командасы Чехияға қарсы ойын өткізіп, жиналған спорт сүйер қауым отандастарымызға керемет қолдау көрсетті.

Ойынның нәтижесінде Қазақстан құрамасы чеxтарды 4:3 есебімен тізе бүктірді. Ел құрамасы сапында Агидил Мадияров пен Даурен Тұрсағұлов дубль жасаса, Чехияның құрамынан Павел Дрозд екі гол, Давид Дрозд бір гол соғып көзге түсті.

Айта кету керек, әлем чемпионаты 26-ші тамызға дейін жалғасады. Ойындар Halyk Arena және Almaty Arena мұз сарайларында өтеді. Теңбіл доп додасына 17 елдің өкілдері қатысуда - 16 ерлер 9 әйелдер кұрамалары.Ертең сағат 20:00-де Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландия командасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер