Футзал

ФИСО вице-президенті: Алматы халықаралық спорттық шараларды өткізуімен танымал

news-banner7
mobile-news-top

Алматы халықаралық спорттық шараларды өткізумен өте танымал. Қазақстан 2017 жылғы Қысқы Универсиаданы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырды. Бұл жайында ФИСО вице-президенті Мариан Димальски айтты. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионатының ашылуы алдында арнайы ұйымдастырған баспасөз мәслихаты кезінде ФИСО өкілі Алматыға бұған дейін де келгенін және қазақстан 2017 жылғы Қысқы Универсиада ойындарын жоғары деңгейде өткізгенін айтып өтті.

«Мен Қысқы Универсиада ойындары комитетіне де жауаптымын, сондықтан бұған дейін Алматыға келгенмін. ФИСО – халықаралық студенттік спорттық ұйым және оның қатарында 174 елдің қасыушылары бар. Біз әр екі жыл сайын Қысқы және Жазғы екі универсиаданы өткізіп тұрамыз. Келесі жылы Қысқы Универсида Ресейдің Красноярск қаласында өтеді. Универсиадалармен қатар біз студенттер арасында түрлі спорт түрінен 33 әлем чемпионатын өткіземіз. Қазақстан студенттер арасындағы екі чемпионатты өткізу бойынша шыққан, бірі бокс болса, тағы бірі шаңғымен жүгіру спорты. Алматы халықаралық спорттық шараларды өткізуімен өте танымал. Қазақстан 2017 жылғы қысқы Универсиаданы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырды. Бұл барлық қатысушылардың ойы және бүгінгі күнге дейін ең үздік Универсиада болып қалуда», - деді Димальски.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер