Дзюдо

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа Кубогында топ жарды

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа Кубогында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Белоруссия астанасы Минск қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы басталды. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық дзюдошылар Отгонцэцэг Галбадрах алтын, Есет Қуанов күміс жүлде еншілеп, ел қоржынына екі медаль салды.

48 келіге дейінгі салмақта белдескен бұрымды балуанамыз Отгонцэцэг Галбадрах қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда ресейлік дзюдошы Татьяна Аякинадан басым түсті.

Ал, ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта күрескен Есет Қуанов 5 кездесу өткізіп, финалда ресейлік Арам Григорянға есе жіберді.

Ашық Еуропа кубогының бірінші күнгі нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен жалпы крмандалық есепте 3-ші орында тұр. Жарыс 19 тамызға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер