Дзюдо

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды

Отгонцэцэг Галбадрах Еуропа кубогында чемпион атанды
news-banner7
mobile-news-top

Беларусьтың Минск қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогының бірінші жарыс күні қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені салды.

Бұл туралы Prosports.kz тілшісі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасай отырып мәлімдейді.

48 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Галбадрах жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде ол ресейлік Лилия Киселеваны айқын басымдықпен ұтса, жартылай финалда әзірбайжандық қарсыласы Айша Гурбанлыны жарыс жолынан шығарды. Ал финалда ресейлік Татьяна Аякинаны қапы қалдырып, Еуропа кубогының чемпионы атанды.

Осы орайда айта кетейік, осы салмақта татамиге шыққан тағы бір отандасымыз Әйгерім Төреғожина алғашқы кездесуінде осы Татьянадан жеңіліп жарысты ерте аяқтаған болатын. Ал жарыстың бірінші күні ерлер арасында 66 келі салмақта Есет Қуанов финалда ресейлік Арам Григорянға жол беріп, күміс медаль иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер