Ауыр атлетика

Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойындарына елімізден 200 спортшы қатысады

Қырғызстанда өтетін көшпенділер ойындарына елімізден 200 спортшы қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстанда өтетін көшпенділердің III дүниежүзілік ойындарына 200-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz 24.kz сілтеме жасап.

Көшпенділер ойындары өтетін басты нысан - Чолпан Ата ипподромы. Кешен осыдан екі жыл бұрын қайта жөндеуден өтіп, қырғыз халқының ұлттық нақышына сай жасақталған.

Дүбірлі додаға қатысу үшін 53 елден өтініш келіп түскен. Спортшылардың басым бөлігі Ресей және Қазақстаннан келеді. Жарыста барлығы 600 медаль сарапқа салынады. Жалпы жүлде қоры 260 миллион сомды, яғни 400 мың долларды құрайды. Спорттық шара аясында көшпенді халықтардың тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрін көрсету жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер