Чемпиондар лигасы: «БИИК-Қазығұрт» «Барселонамен» кездеседі

Чемпиондар лигасы: «БИИК-Қазығұрт» «Барселонамен» кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер арасында өтетін Чемпиондар лигасы 1/16 кезеңіне жеребе тасталды, деп хабарлайды Prosports.kz

«БИИК-Қазығұрт» каталондық «Барселонамен» кездеседі. Алғашқы ойын - 12/13 қыркүйекте Шымкентте, жауапты матч - 26/27 қыркүйекте Барселонада өтеді.

Шымкенттік футболшы қыздар алғашқы ойынында Грекиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңген болатын. Ал екінші ойында қазақстандық команда Латвияның РФШ командасымен кездесті. Бұл кездесуде де шеберлігі басым шымкенттік қыздардың жолы болды. Қарсыласын 5:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты. Осылайша, алғашқы екі ойында да жеңіске жеткен біздің команда өз тобында көш бастады.

Сонымен қатар, австриялық «Ландхаус» командасына қарсы ойын өткізіп, 2:0 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер