«Астана» кипрлік АПОЭЛ клубымен бақ сынайды

«Астана» кипрлік АПОЭЛ клубымен бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде кипрлік АПОЭЛ клубымен кездеседі.

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы қарымта матчта 3:1 есебімен «Хапоэльден» (Беэр-Шева, Израйль) басым түскен АПОЭЛ «Астанамен» күш сынасады.

Алғашқы ойын 23- тамыз күні Кипрде өтеді.

АПОЭЛ мен «Астана» өзара бұған дейін де кездескен. 2015/16 маусымында ЧЛ плей-офф кезеңі аясында елордалықтар кипрлік клубты артқа тастап, тұңғыш рет турнирдің негізгі кезеңінен орын алды.

Араға бір жыл салып екі клуб Еуропа лигасының топтық кезеңінде қайта қауышты. Өз алаңында 2:1 есебімен ұтқан «Астана» қарымта матчта дәл осындай есеппен есе жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер