Күрес

Конфедерация кубогы–2018: Қанат Ислам жеребе тарту рәсіміне қатысты

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Астанада өткен «Конфедерация кубогы-2018» жарысының жеребе тарту рәсіміне кәсіпқой бокс жұлдыздары Қанат Ислам мен Мадияр Әшкеевтер қатысты. ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған бірегей жоба биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Жарыстың басты ерекшелігі бір мезетте көрермендер сайысты бокс, грек-рим күресі, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресі және таеквондо спорт түрлері бойынша тамашалай алады. 17 команда 4 топқа бөлініп қазан айында Семей, Талдықорған, Атырау және Петропавл қалаларында іріктеу кезеңдерін өткізеді. Іріктеу кезеңінен іркілмей өткен үздік командалар желтоқсан айының 8-9 аралығында Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақ сынайды.


Жеребе нәтижесі мынадай:

А тобы: Семей (ШҚО), Қостанай облысы, Батыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы
B тобы: Талдықорған (Алматы облысы), Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, Астана, Шымкент
С тобы: Атырау облысы, Алматы қаласы, Жамбыл облысы, Маңғыстау облысы
D тобы: Петропавл (СҚО), Ақмола облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы


Айта кетсек, Конфедерация Кубогы – ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған бірегей тың жоба. Жарыстың жалпы жүлде қоры 145 миллион теңгені құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер