«Астана» бас бапкерсіз қалды

«Астана» бас бапкерсіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» ФК бас бапкері Роман Григорчук жеке жағдайларға байланысты елордалық клубтың жаттықтырушылар құрамынан уақытша кетті.

«Мен бүгін клуб президенті Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжановқа жеке жағдайымға байланысты мені клубтан уақытша босату туралы өтінішпен жүгіндім. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Алайда, маған осы уақыт аралығында көмектескен, мен болмаған кезеңде бас бапкердің міндетін Григорий Константинович Бабаянға сеніп тапсыра аламын. Ол команда ойыншыларымен толықтай таныс және мен келген уақытқа дейін жұмыс барысына, клубтың нәтижелеріне кері әсерін бермейді деген сенімдемін. Және де клуб Президентіне менің өтінішімді қабыл алғаны үшін ерекше алғысымды білдіремін» - дейді Роман Григорчук клуб баспасөз қызметіне.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер