Басқа

Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы Таиландтан басым түсті

news-banner7
mobile-news-top

Джакартадағы Азия ойындарында командалық спорт түрлерінен топтық кезең матчтары басталып кетті, деп жазады Olympic.kz.

Су добынан Қазақстан қыздар командасы бүгін екінші кездесуін өткізді.

Қазақстандық спортшылар Таиланд командасымен кездесіп, 13:4 есебімен жеңіске жетті.

Команда сапынан ең көп ұпай жинаған - Анастасия Миршина. Ол қарсылас қақпасына 5 доп соқты.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстан командасы Қытай құрамасына 4:11 есебімен жол берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер