Әлем футболы

Маркизио «Ювентустан» кетті

news-banner7
mobile-news-top

Жартылай қорғаушы Клаудио Маркизио туриндік «Ювентус» сапынан кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты жазды.

«Ювентус» мектебінің түлегі Маркизио бір жыл «Эмполиде» жалда ойнағаны болмаса, бүкіл мансабын «ескі сеньора» сапында өткізген еді.

Енді ол қайда ойнайныты белгісіз.

Туриндік командада хавбек жеті рет Италия чемпионы болып, төрт рет ел Кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ, үш мәрте Италия Суперкубогын еншіледі.

Өткен маусымда Маркизио Италия чемпионатында 15 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген. Енді ол «Монако» немесе «Ниццаға» ауысуы ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер