Футзал

«Қайрат» Қазақстанның ұлттық құрамасымен ойнайды

«Қайрат» Қазақстанның ұлттық құрамасымен ойнайды
news-banner7
mobile-news-top

Студенттер арасында футзалдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының қарсаңында 17 тамыз күні сағат 17.30-да Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» командасы арасында жолдастық ойын өтеді.

Чемпионатта Канада, Германия, Франция, Аргентина, Жаңа Зеландия, Болгария, Португалия, Польша, Хорватия, Словакия, Чехия, Россия, Қазақстан, Қытай, Израиль, Тайланд, Украинаның ең мықты 17 ерлер мен әйелдер құрамалары бақ сынасады. Сонымен қатар,әлем бойынша көптеген қолдаушы келеді деп жоспарланып отыр.

Айта кетсек, студенттер арасыдағы футзалдан өтетін 2018 жылғы Әлем чемпионатын Ұлттық Студенттік Лига ҚР студенттік спорт Федерациясы ұйымдастырып жатыр. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар қатарына ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі кіреді.

Түпнұсқасы: baq.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер