Баскетбол

Ренатас Курилинионокас: Ұйымдастырушылар ойындар кестесін кенет өзгертіп жіберді

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Жазғы Азия ойындарындағы алғашқы ойынын өткізді. Жерлестеріміз Филиппин құрамасынан жеңіліп қалды.

Есеп - 59:96 (9:16, 11:25, 23:20, 16:35). Ойын туралы ұлттық құрамамыздың бас бапкері Ренатас Курилинионокастан пікір сұраған едік.

- Өте өкінішті жеңіліс. Бірақ, өз себептері бар. Біріншіден, ұзақ қашықтық ойынымызға әсер етті. Джакартаға тым кеш жеттік. Біздің жоспар бойынша, Литвадағы оқу-жаттығуымызды аяқтаған соң Астанада тағы үш күн дайындық өткізіп, асықпай 17 тамыз күні Индонезияға ұшуымыз керек болатын. Сөйтіп, 23 тамыз күні Қытайға қарсы тағы да дайындаламыз деп ойладық. Бірақ, ұйымдастырушылар кенет ойындар кестесін өзгертіп жіберді де, бірінші ойынымызды 16 тамызға ауыстырып тастады. Содан не керек, бірден Джакартаға ұшып кеттік. Әлбетте, қазір ақталып жатқымыз келмейді. Алайда, жігіттердің шаршаңқы екендіктері көрініп тұрды, - деді бас бапкер.

- Енді 23 тамыз күні Қытайға қарсы ойнайсыздар. Бұл кездесуден не күтеміз?

- Ертерек жергілікті ауа-райына бейімделіп, жақсылап тынығып алуымыз керек. Қытайға қарсы ойынға дейін күш жинап алмасақ болмайды.

Айта кетейік, Филиппин құрамасына қарсы ойында ұлттық құрама сапында «Астана» Президенттік клубының құрамына кіретін «Астана» баскетбол клубының 6 ойыншысы өнер көрсетті. Дмитрий Гаврилов 9 ұпай жинаса, Рустам Ерғали бас командаға 8 ұпай әперіп, Александр Жигулин 7, Вадим Щербак 6, Максим Марчук 2 ұпай еншіледі. Сондай-ақ, Рустам Мырзағалиев те паркетке шықты.

Түпнұсқасы: presidential-club.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер