Карлос Алос: Егер, маған «кет» десе, кетемін

Карлос Алос: Егер, маған «кет» десе, кетемін
news-banner7
mobile-news-top

Алматының «Қайрат» ФК-ы Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінен кейінгі бас бапкердің қатысуымен болған ойын соңынан кейінгі баспасөз маслихаты өтті.

Бас бапкер Карлос Алос жанкүйерлерге алғысын жеткізді. Екі кездесу бойынша жеңілістің себебін, алғашқы ойындағы алматылықтар қатарынан ойыншының алаңнан қуылғаны мен екінші кездесудегі күтпеген голдың соғылуымен түсіндіргендей болды.

— Сіздің қарамағыңызда соңғы 10 жылдағы ең мықты шабуылдаушы ойыншылар жинақталған, алайда, осы кездесу барысында команданың шабуылдағы ойынында еш ұйымдасқан қимыл болмады. Бұл жағдай Сіздің отставкаға кетуіңізге негізгі себеп болуы мүмкін бе әлде маусымды соңына дейін жеткізіп, біріншілікті жеңетін ойыңыз бар ма?

— Мен мұнда үлкен күштің арқасында отырмын. Шешімді қабылдайтын сіздер де, мен де емеспін. Менің келісім-шартым бар, мен жасап отырған жұмысыма сенімдімін әрі сабырлық танытамын. Егер, маған кет десе, кетемін. Мен аз ұйықтаймын, өйткені өте көп жұмыс жасаудамын. Түсінсеңіздер, мен осы клуб деп өмір сүрудемін, осы клубта жұмыс істей жүріп, өз өмірімді өткізудемін. Шешімді президент қабылдайды. Бүгін бізді үшінші кеpеңде, АЗ-ны жеңгеннен кейін Еуропа Лигасынан шығарып жіберді. Біздің еурокубоктегі өнеріміз мен үшін жақсы болды. «Сигма» алғаш рет үшінші кезеңге жетіп отыр. Меніңше, Чехия біріншілігі Қазақстан біріншілігінен алдеқайда жоғары деңгейде.

Аударма: Aladop.kz

Түпнұсқасы: fckairat.com Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер