МакГрегор бапкері: Конор Хабибті екінші немесе үшінші раундта нокаутпен құлатады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызКонор МакГрегордің жаттықтырушысы Оуэн Родди алдағы Хабиб Нурмагомедовпен болатын жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі allboxing.ru порталына сілтеме жасап.
— Меніңше, Конор Хабибті бетінен ұрып құлатады. Екінші немесе үшінші раундта. Мен алдағы кездесудің нокаутпен аяқталатынына күмән келтірмеймін. Өйткені Конордың соққыларына шыдайтындар кем де кем. Хабибті ол секілді аса мықты деп ойламаймын- дейді Родди.
Ресейлік Нурмагомедов пен ирландиялық Макгрегор 6-қазан күні Лас-Вегаста өтетін UFC 229 турнирі аясында кездеседі.