«Қайрат» үмітті ақтамады

«Қайрат» үмітті ақтамады
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда жергілікті «Қайрат» футболдан Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Сигма» командасын қабылдады.

Чехия командасы алғаш болып есеп ашты. Ойынның 19-минутында «Сигма» футболшысы Мартин Нештор допты қақпаға дәл көздей білді. «Сигма» 51-минутта тағы бір гол соғып, бұл жұпта кімнің жеңімпаз болатынын анық ескертті. 61-минутта Мартон Эппель есеп айырмасын қысқартты.

Алайда, кездесудің 75-минутында «Қайрат» 10 ойыншымен қалды. Алаңнан қорғаушы Хуан Фелипе қуылды. Ал 94-минутта «Қайрат» сапынан Исаэль Барбоза алаңнан қуылды.

Айта кетелік, Чехияда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев алаңнан қуылған еді.

Осылайша, Чехияда өткен алғашқы кездесуде қарсыласынан 0:2 есебімен ұтылып қалған «Қайрат» бүгін де есе жіберді. Қос ойын қорытындысы бойынша 1:4 есебімен «Сигма» алматылық клубты ойсырата жеңді. Алматы клубының Еурожорығы осымен тамамдалды.

Еуропа Лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі. Жауапты ойын.

«Қайрат» 1:2 «Сигма»

Голдар: Эппель 60 - Нешпор 20, Гоуска 51

«Қайрат»: Покатилов, Куат, Алип (Эппель, 34), Политевич, Лунин (Соколенко, 58), Исламхан, Элек, Изаэл, Аршавин (Жуков, 75), Хуан Фелипе, Эсеола.

«Сигма»: Бухта, Гала, Штерба, Емелка, Плшек (Юнис, 81), Заградничек (Манзиа, 67), Фалта, Сладки, Калвах, Гоуска, Нешпор (Тексл, 63).

Ескерту: Хуан Фелипе (58), Заградничек (59), Эппель (84).

Қызыл қағаз : Хуан Фелипе 75, Исаэль 90+4

Бас төреші: Сандро Шерер (Швейцария)

16 тамыз, Алматы, «Орталық».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер