Еліміздің мини-футбол құрамасы Болгариямен тең тарқасты

Еліміздің мини-футбол құрамасы Болгариямен тең тарқасты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы минифутболдан Еуропа чемпионатының плей-оффына біртабан жақындай түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі 24.kz порталына сілтеме жасап.

Кәрі Құрлықтың ең мықты командалары бұл жолы Украинаға жиналған болатын. Жерлестеріміз топтық кезеңдегі үшінші кездесуін Болгария құрамасына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті.

Алғашқы голды 36-минутта қазақстандық Дидар Сыдық соқса, ойынның соңына қарай Дастан Дарабаевтың рикошеті таразы басын теңестірді.

Айта кетейік, ұлттық құрама осының алдында Ирландия мен Албания командаларын жеңген болатын. Енді «С» тобындағы соңғы кездесуін Босния және Герцеговина аяқдопшыларына қарсы өткізеді. Шешуші матч 17 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер