Бокс

«Канелоның» промоутері Головкинді кемсітті

news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя шәкіртінің 15 қыркүйектегі жекпе-жекте Головкиннен айқын басым болатынын айтты.

«Бокста үнемі өз өнеріңді жетілдіруге болады, оның ажары да сол. «Канело» алғашқы жекпе-жекті тамаша өткізді, екі есе артық ұпаймен жеңді деп ойлаймын. Рематчтар несімен қызық? Онда өз мәнеріңді өзгертіп, қарсыластың әдістеріне жақсырақ бейімделуге болады. «Канело» үнемі біркелкі баса-көктеп жұдырықтасатын Головкинге қарағанда, жекпе-жекке жақсырақ бейімделе алады, ол сонысымен мықты», - деді Де ла Хойя журналистермен сұхбаттa.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер