Жеңіл атлетика

Азия ойындары-2018: Литвин және оның қарсыластары

Азия ойындары-2018: Литвин және оның қарсыластары
news-banner7
mobile-news-top

Жакартадағы жазғы Азия ойындарының басталуына да аз уақыт қалды. Жеңіл атлеттер жарыс жолына 25 тамыздан бастап шығады.

Біз қазақстандық жеңіл атлеттердің мүмкіндіктерін, қарсыластарының деңгейін, рейтингін сараптауды әріқарай жалғастырамыз. Бүгінгі әңгімеміз 400 метрге жүгіретін ерлер туралы.

Орта қашықтықта көбінесе тактикалық сауаттылық ерекше рөл атқарады. Қазқстаннан Азия ойындарына бұл сайыс түрінен Солтүстік Қазақстан облысының атлеті Михаил Литвин мен Шығыс Қазақстанның өкілі Андрей Соколов қатысады.

Қазіргі кезде Азия құрлығында рейтингтің көшін Катардың қос атлеті Абдалелах Харун мен Абдеррахман Самба бастап тұр. Алғашқысы 2017 жылы Лондондағы әлем чемпионатында күміс медаль еншілеген. 2016 жылы Портлендтегі жабық кешендегі әлем чемпионатында да екінші орынға ие болған. Екі дүркін Азия чемпионы. Негізі Суданда туған. 20 жастағы атлет өзге спортшылар секілді Катардың азаматтығын алып, осы елдің намысын қорғап жүр.

22 жастағы Михаил Литвин осы маусымдағы және жалпы спорттық карьерасындағы үздік көрсеткішін 29 маусым күні Ғ.Қосанов Мемориалында тіркеді. Ол кезде Литивин 1985 жылы Александр Курочкин орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты – 45.50 секунд. Бұл көрсеткішімен жерлесіміз биылғы маусымда Азия құрлығында бесінші орында тұр. Ал тек жазғы Азия ойындарына қатысатындарында төртінші сатыда. Сонымен толық рейтинг мынандай:

1. Абдалелах Харун (Катар) – 44,07

2. Абдеррахман Самба (Катар) – 44,62

3. Мохаммед Анас Яхия (Үндістан) – 45,24

4. Михаил Литвин (Қазақстан) – 45,50

5. Юлиан Ирумми Уолш (Жапония) – 45,63

28. Андрей Соколов (Қазақстан) – 47,50.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер