Алматыда ардагерлер арасында футболдан ел чемпионаты өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Ардагерлер арасында футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты 27 рет ұйымдастырылғалы отыр.

Жарыс Астана қаласының 20 жылдығына арналады. 20 тамыз күні басталып, бес күнге созылады. Ойындар Алматы қаласындағы ЦСКА спорт кешенінде өтеді.

Турнирге «Ертіс» (Павлодар), «Намыс ҚазФосфат» (Қаратау), «Райымбек» (Алматы), «Әуесқой футбол лигасы құрамасы» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Ақжайық» (Шымкент), «Тұран» (Шымкент), «Дантист» (Тараз) және басқа командалар қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер