«Қазақстан» РТРК АҚ Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының көрсетілім құқығына ие болды 

news-banner7
mobile-news-top

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы FIFA-2018 футболдан Әлем чемпионатының көрсетілімінен кейін футбол жанкүйерлерін тағы да қуантпақ, деп жазады Qazsport телеарнасының ресми сайты.

Бұл жолы корпорация UEFA Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында 3 жыл бойы көрсету құқығына ие болғанын хабарлайды.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол әлеміндегі 2018/2019 маусымындағы ең таңдаулы клубтардың тартысты матчтарын 2018 жылдың 15 тамызынан бастап 2019 жылдың 1 маусымына дейін тікелей эфирде көрсететін болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер