Кумыков қалады, Каньяс – кетті. Қонысбаев, Дмитренко мен Джолчиев келісімшартқа қол қойған жоқ
![Кумыков қалады, Каньяс – кетті. Қонысбаев, Дмитренко мен Джолчиев келісімшартқа қол қойған жоқ](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1387107266_678681321.jpg?v=28709422)
«Шахтер» ФК спорттық директоры Ұлықбек Асанбаев «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында команданың жағдайын баяндады.
- Ұлықбекбек Пархитдинұлы, Виктор Кумыков командада қалатын болды ма?
- Иә. Тағы бір маусым Қарағандыда жұмыс істейтін болды.
- Қонысбаев, Дмитренко мен Джолчиев «Шахтерге» көшіп алды деген сыбыс бар. Қаншалықты рас?
- Жоқ. Әзірше келісімшарт жасасқан жоқпыз. Аталған ойыншылардың келісімшарттары қаңтарда дайын болады.
- Алдағы маусымға дайындық-жоспар қалай?
- Барлығымыз демалыстамыз. Қаңтардың тоғызында бас қосамыз. Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттану жоспарда бар.
- Келер жылға қандай мақсат қойылды?
- Қазақстан чемпионатын ұтып, Еурокубоктарда сәтті ойнауді көздеп отырмыз.
- Каньяс маңындағы ұзын-сонар әңгімелер аяқталды ма?
-Иә. Донецкілік «Металлургке» көшті. Құжаттарын рәсімдеп алды