Жамбыл Көкеев голы – Премьер-лиганың 22-турының үздігі

Жамбыл Көкеев голы – Премьер-лиганың 22-турының үздігі
news-banner7
mobile-news-top
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырма екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
Өткен турда 11 гол соғылды. Оның үшеуі он бір метрлік айып добынан кейін қақпа торынан табылды.
Сауалнама дәстүр бойынша Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» желісіндегі @pflkaz тобында жарияланды
Жанкүйерлер «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеевтің соққан голына көп дауыс берді. «Қайсар» командасымен өткен кездесуде ақ-қызылдардың ойыншысы ала допты қақпашыдан асырып, кездесу нүктесін қойды.
Үздік үштік келесідей:
1. Жамбыл Көкеев голы (Ақтөбе - Қайсар) – 3083 дауыс;
2. Адеринсола Эсеола голы (Қызыл-Жар СК - Қайрат) – 535 дауыс;
3. Александр Симчевич голы (Ақтөбе - Қайсар) – 268 дауыс.
Жамбыл Көкеев добы «Тамыз айының үздік голы» номинациясына үміткер болып отыр.
Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер