Баскетбол

Азиада-2018: Баскетболшы қыздар іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта ұтылып қалды

Азиада-2018: Баскетболшы қыздар іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта ұтылып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан (5x5 ) Қазақстан қыздар командасы Азия ойындарының іріктеу айналымындағы алғашқы матчын Қытайлық Тайпейге қарсы өткізді деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, қазақстандық команда тайпейліктерге 42:72 есебімен жол берді.

Қытайлық Тайпей бірінші кезеңде 16:6, екінші кезеңде 20:12, үшінші кезеңде 19:11, төртінші кезеңде 17:13 есебімен басым түсті.

Қазақстан командасы Индонезия, Оңтүстік және Солтүстік Корея және Тайпеймен бірге А тобында өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер